Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"18 жастағы қызды зорламақ болғар" - Алматыда массаж қызметкеріне қатысты сұмдық дерек шықты

16:32, 05 қараша 2026
 

Алматыдағы массаж салондарының бірінде ер адамның 18 жастағы бойжеткенді зорламақ болғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы оның туысы әлеуметтік желіде арнайы жазба жариялады, деп жазады Alash.kz

Туысының айтуынша, дәрігер жараланған қарындасына массаж керек екенін айтыпты. Содан қыз бала үйіне жақын жердегі студияға жазылған. Ал 2 қараша күні алғашқы процедура кезінде массаж жасайтын ер адам оны зорламақ болған, содан қарындасы қашып кетпек болғанда, тұншықтыра бастаған.

Осыдан кейін олар полицияға жүгінген.

«Келесі күні ол ата-анасымен бірге арыз жазуға барды. Полиция оны ұстап, тергеу изоляторына қамады. Бірақ ертеңінде оны босатып жіберіпті. Ол ары қарай да дым болмағандай жұмыс істеуі мүмкін. Бұл басқа қыздар мен әйелдерге қауіпті. Жақын адамымның осындай жағдайға тап болғаны жаныма қатты батады. Ол қазір бостандықта жүр, бұл дұрыс емес. Мен бұл жағдайды бәрі білгенін қалаймын», – деп жазды қыз.

Сондай-ақ ол арыздан бас тарту жайлы да айтып өтті. Жазба авторының айтуынша, қолдарында бар барлық мәліметті полицияға тапсырған.

«Дәлел талап еткендерге айтарым: қолымыздағы барлық материалды полицияға бердік. Бізге ешқандай құжат берілген жоқ, тіпті материалдарды суретке түсіруге де рұқсат берген жоқ. Полицияда сақтаулы тұрған жеке дәлелдер ғана бар. Мұндай жеке дүниелерді ашық жариялағым келмейді. Мен салонға немесе оның иелеріне қысым көрсетуді талап етіп отырған жоқпын», – деп атап өтті жазба авторы.

Оның айтуынша, салонда массаж жасайтын ер адам мен қарындасы ғана болған.

«Салонда одан басқа ешкім болмаған! Айқайлағанның өзінде ешкім естімес еді. Себебі екеуінен басқа ешкім жоқ! Қауіпсіздік мүлде сақталмаған!» – делінген жазбада.

Алматы қаласының Полиция департаменті осы іс бойынша тексеру жүріп жатқанын хабарлады. Ер адам Бостандық ауданының полиция басқармасына жеткізілген.

«Алматы қаласының Полиция департаменті массаж жасаушы тарапынан заңсыз әрекеттер жасалғаны туралы қыз баланың арызы бойынша тексеру жүріп жатыр. Ер адам Бостандық ауданының полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады», – деп мәлімдеді ведомство.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар