Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«16 жерден пышақтаған»: 20 жасар Дильназдың қазасына қатысты жантүршігерлік дерек шықты

11:21, 23 тамыз 2026

Абай облысы Бородулиха ауылында қаза тапқан 20 жастағы Дильназ Сабыржанқызының ата-анасы істің әділ тергелуін талап етіп, қоғамнан қолдау сұрады, деп хабарлайды Alash.kz.

13 шілдеге қараған түні орын алған қайғылы оқиғадан соң бойжеткеннің денесі елді мекендегі үйлердің бірінің жанынан 16 пышақ жарақатымен табылған. Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті ретінде марқұмның 20 жастағы танысы ұсталып, қамауға алынды. Полиция қылмыстың жеке араздық салдарынан болғанын мәлімдеді және қазіргі уақытта бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша тергелуде.

Дегенмен марқұмның әкесі Сабыржан Темірхан мен анасы бұл саралаумен келіспейді. Жалғыз перзентерінен айрылған отбасы денедегі көптеген жарақаттар мен күдіктінің қылмыс іздерін жасыруға тырысуын алға тартып, істі «Ерекше қатігездікпен жасалған адам өлтіру» бабына қайта саралауды талап етуде. Қайғыдан қан жұтқан ата-ана қылмыстың барлық мән-жайы мұқият зерттеліп, әділ құқықтық баға берілуі үшін істің қоғам назарында болғанын қалайды.

Марқұмның анасы: «Дильназдың бүкіл өмірі алда еді. Ол менің жалғыз балам, үмітім әрі тірегім болатын. Қызымның қазасына қатысты істі жария етулеріңізді сұраймын. Оның өлімінің мән-жайы мен жасалған қатыгездікке әділ құқықтық баға берілуі керек», — деп мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар