Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“13 жасар баланы зорлаған” - 29 жастағы Ақтаулық танымал видеограф туралы сұмдық ақпарат белгілі болды (ФОТО)

16:41, 26 қараша 2025 167

Маңғыстау облысында 13 жасар жасөспірімді зорлады деген күдікпен ер адам қолға түсті, деп хабарлайды Alash.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Бастапқыда ақпарат әлеуметтік желіде жарияланған. Оны полиция департаменті ресми түрде растады. Ақпаратқа сәйкес, кәмелетке жетпеген балаға қатысты жыныстық сипаттағы азғындық әрекет жасалғаны туралы ресми арыз 4 қарашада түскен.

Полиция мәліметі бойынша, жәбірленушінің жасы – 13, күдікті 29 жаста.

«Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлімі (Жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттер) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті анықталып, ұсталды және сот шешімімен екі ай мерзімге уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген ресми хабарламада.


Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, арыздағы деректер тексерілуде, қажетті сараптамалар тағайындалған.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар