Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жақсылық Сәбитов тарихи тұлғалар туралы неге сыңаржақ пікір айтып жүр?

08:42, 25 қыркүйек 2023 214


Біздің елде төл тарихты әркім әртүрлі тәпсірлейді. Ұлттық тарихты түгендеуде отандық архив тереңге бара алмай, тарихшылардың көбі басқа мемлекеттердің архивіне сүйенетіндіктен, өз ұстанымына сай жазылған көрші елдердің деректерінен қазақ тарихын аршып алу – оңай іс емес. Мұндайда қателікті тарихшылардың өздері де жиі жібереді. Өткен замандарды зерттеушілердің кейде түсініспей қалатыны да содан.

Біз бұл мақалаға тарихшылардың арасында даулы болып жүрген Жақсылық Сәбитовтың сұхбаттарын арқау етпекпіз. Журналистер мен блогерлерге сұхбат беруді жақсы көретін бұл тарихшының әңгімесі жұмсарта айтқанда қызық. Несі қызық десеңіз, Сәбитовтың айтқанын оқып шығыңыз.



Жақсылық Сәбитовтың өзі Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі, Жошы ұлысын ғылыми зерттеу институтының жетекшісі. Сұхбаттарын тыңдап отырсаңыз, ол өткен дәуірлерді орысша әңгімелегенде жастар тіліне жатқыза, айшықты сөзбен өрнектеп оқырманға ойын жеткізгісі келеді. Онысын тарихтан хабарсыз былайғы оқырман ұнататын да шығар, бірақ тарихшымыз қызды-қыздымен артық кетіп қалады. Ара-арасында тарихи тұлғаларды сыбап алатыны да бар.




 

«Қасым хан – саяси айуан»

Мәселен, 2021 жылдың 15 наурызында берген сұхбатында (Хану Тауке отрубили ноги свой же казахи// Жаксылык Сабитов) тарихшы Қасым хан туралы былай дейді:
«У нас с Касым ханом принято воспринимать как вот старца уделенного который не хотел не с кем воевать, просто сама территория Казахского ханство расширилось просто так условно говоря без всяких воин, абсолютно такой умиротворенный аксакал! А если мы вот возьмем реально аннализировать его как бы политическую деятельность это абсолютно политическое животное, который человек шел к власти и использовал очень многих людей».

Бұл сөзінде Шыңғыс ханнан тарайтын атақты Қасым ханды Сәбитовтың екі жүзді «политическое животное» деп, елді аздыратын тұжырымы алабөтен. Әрине, хандар – сынауға болмайтын тұлға емес. Алайда қазақ халқының саны миллионнан асып, өз тұсында шекарасын едәуір кеңейткен Қасым хан жайлы бұлайша толғау жөн бе?

«Каким был реальный Касымхан?» деген тағы бір сұхбатында Жақсылық Сәбитов ханды мақтағандай болады.
«Касым хан был конкретный политик который боролся за власть чужими руками он Мухаммед Шайбану дал войско чтобы подсидеть Брундука, когда ему приехал Сайд хан из Моголуистана. Он же его к алькоголизму пристрастиль фактический споил и тот после этого страдал всю жизнь, он был очень хороший политик».

«Его к алькоголизму пристрастил» – әңгіме қымыз ішу туралы. Қасым хан Саид ханға қымыз ұсынады. Дала қазағының ең сүйікті асы – қымыз, ең сүйікті ермегі  қырдағы жылқының ортасында болу» дейді, ал мына автор оны «фактический споил и тот после этого страдал всю жизнь»  деп түсіндіргісі келеді.

Саид хан қымызға таңғалып жақсы көріп кеткен, тіпті өмір бойы ішетін болған. Мұнда тарихшы қымызды араққа теңеп, «тойдырып, ішкіш қылып жіберді» деп отыр. Қазақ хандарының атасы Жәнібек хан, оны баласы Қасым хан түгіл, одан екі ғасыр бұрын Алтын Орда ханы Өзбек хан мұсылмандықты мемлекеттік ресми дін деп қабылдағаны барша жұртқа белгілі. Сондай мұсылман Қасым ханды қонаққа келген Моғолстан билеушісі Саид ханды Қасымханның кесірінен ішкілікке беріліп кетті деуі – Моғолстан елінің атына да жаман сөз. Моғолстан Үйсін-Дулат, Қырғыз, Ұйғыр сияқты мұсылмандығы берік елдің тарихын бұлай былғауға бола ма?

«Тәуке ханның аяғын қазақтардың өздері шауып тастаған»

«Хану Тауке отрубили ноги свой же казахи/Жаксылык Сабитов» атты 2021 жылдың 15 наурызында берген сұхбатында Сәбитов «В Казахском ханстве всегда было два хана как минимум, то есть старший и младший, начиная с Жанибека и Керея, там было огромное количество всяких гражданских войн, то му же Тауке хану под конец его жизни отрубили ноги  свои же казахи...» деп тұжырым жасайды. Яғни «Қазақ хандығында әрдайым екі хан болғанын, азаматтық соғыстың жиі болғанын, ал Тәуке ханның өмірінің соңында қазақтардың өзі ханының аяғын шауып тастағанын» айтады.

Бұл қаншалықты рас өзі? Қазақ хандығында қашан да Түркістанда Ахмет Яссауида ақ киізге көтерілген, бата жасалған бір ғана үлкен хан болған, қалғанының бәрі кіші хандар, яғни ұлыс сұлтандары.

«Тауке хану под конец его жизни отрубили ноги свои же казахи» – бұл ешқандай дәлелі жоқ сөз. Ресей елшісі А.Неприпасов келіп, Ресей патшасының хатын оқығанда «бас киімді шешіп, орныңнан тұру тыңдауың» керек деген, сонда Тәуке орнынан тұрмайды, «аяғым ауырады деп, ал бас киімімді намаз оқығанда да шешпеймін» дейді. Тарихшы әңгімені содан шығарып отыр.

«Вечные ценности. Алмас Ержан с Жаксылыком Сабитовым» атты 2023 жылдың наурызында шыққан сұхбатында Жақсылық Сәбитов осы сөзін тағы қайталайды. Сұхбат алушы «Тәуке хан расында да аяқсыз болған ба?» деген сұраққа Жақсылық Сәбитов бұл жайлы Николас Вицин жазғанын, «оның жалпы қазақтардың өздері Тәуке ханды сондай жағдайға түсіргенін, Тәуке хан мобильді болмай қалғанын» айтып өтеді.

«1690 жылдардағы орыс елшілері қазақтар «Әз Тәуке бастап қытай-қыпшақты шауып келді» дейді. «1709 жылы башқұрттың орысқа күресі кезінде Әз Тәуке хан башқұрт жеріне қол бастап барды» деп жазады. Аяғы жоқ Тәуке мұндай жорықтарға жарар ма еді?

«Жалаң кеуде Жалаңтөс»

«Жаксылык Сабитов: Происхождение Среднего Жуза, Тюрское ДНК, Жалаңтөс, Манас» атты 2022 жылдың 21 қыркүйегінде берген сұхбатында тарихшы «Почему его Жалаңтосом звали с открытой грудью воевал не было денег у него на доспехи, условно говоря он андертоп который поднялся с низов...» дейді.

Шын мәнінде, Жалаңтөс алшынның ру басы, билер әулетінен. Ол «бір кіреуке сауытқа ақша таба алмады» деу ұят және қазақ дәстүрін жіті білмейді деген сөз. Біріншіден, қазақта көзсіз батырды жалаң кеудесімен, сауытсыз-ақ жауға шапқан деп мадақтайды. Содан да сондай батыр болсын деп жаңа туған балаға текті аталар Жалаңтөс деп ат қоятынын қазақ дәстүрін білетін кез келген адам біледі.

Жалаңтөс 12 жасынан ханға қызмет еткен, медреседе білім алған, қаптаған сарай, мешіт, мавзолей салдырған атақты әмірші, аталық. Талай қиын замандарда өзбек әскерін алып қазаққа көмекке келген қаһарман емес пе еді?

«Көшпелі және отырықшы бандиттер заманы»

Тарихшы хандарға айдар тағуда баяғыдан шебер екен. 2015 жылғы «Политическая история золотой орды с Жаксылыком Сабитовым. Казакстан тарихы» атты сұхбатында Өзбек ханның дәуірі «көшпелі бандиттер заманы болғанын» айтады:
«Эпоха до Узбек хана это была эпоха кочевых бандитов когда существовала двадцать три разных улуса который меж собой враждовали могли воевать за какую-то добычу а с эпохи Узбек хана начинается эпоха оседлого бандита когда один бандит фактически он не забирает большинство добычу у населения но он устраивается четко власть у него есть монополия на применение насилия и фактически возникает реальное государства...»

Алтын Ордаға мұсылмандық дінді ресми кіргізген, Алтын Орданы нығайтқан Өзбек хан заманын «бандиттер заманы» деуі қалай? Мұндай ой-толғаммен сол заманның бүкіл мемлекетін «бандылар» қатарына қосуға болатын шығар? Басқа тарихшылар бұған қалай пікір білдірер екен?

Өзбек хан, оның ұрпағы Әз Жәнібек хан тұсы – Алтын Орданың гүлденген, көркейген тұсы. Әлемдік империя тұсында жүздеген қала салынды, ақша сарайлары жұмыс істеп тұрды, мыңдаған ғалымдар мен өнерлі адамдар Алтын Орда қалаларына жиналды, мемлекеттік дін қабылданып діндарлар келді. Бұл кезеңдерге қатысты «бандит» сөзін қолдану тіпті орынсыз.

«Бекмаханов карьерист»

Хандарды былай қойғанда, Жақсылық Сәбитовтің бергі тарих жайлы да «сойып салған» әңгімелері жетерлік. Мәселен, «Мифы казахстанской истории/ Жаксылык Сабитов» атты сұхбатында Ермұхан Бекмаханов жайлы «на самом деле все было по другому то есть Бекмаханов например он действительно был очень амбициозным историком который шел по головам честно сказать он руками раскидывал своих соперников и именно он иницировал написание первая академическая книга история Казахстана» дей келе, Бекмахановтың әйелі бола тұра жас студент қызға жақын болғанын айтады.
«В советское время развестись это фактический поставить большой вопрос на своей будущей карьере, что с тобой будет и самое главное когда  у нас говорят что он был выслан Сибирь там там все это случилось во многом не только благодоря тому что его преследовали одну во многом благодоря ему самому его конечно лешили всех званий сначала отправили на Нарынколь, а потом в Чуйское т.е. Жамбылскую область и он там сидел и он из под надзора КГБ решил поехать Москву убежать и вернуть все звания обратно то есть а это было наглостью первого сорта», - дейді Сәбитов.

Бекмахановты «карьерист болғаны» немесе семьялық мәселелері үшін емес, Кенесарыны қазақтың соңғы ханы, ұлт-азаттық күресінің басшысы ретінде жазғаны үшін соттады.

Жалпы Бекмахановтың өмірін арнайы зерттемеген адам ол туралы былай алдын-ала тоқтаммен сөйлемесуі тиіс еді. Карьерист ретінде ол кімнің жолын кесті? Екіншіден, ол Шуда (Новотроицк)  ұсталды, сол жерге Алматыдан жер аударған, мектепте оқытушы болып жүрді. Қайдағы Мәскеу? Қайдағы атақ?

«Қаныш Сәтпаев трайбалист?»

Журналист Гүлнар Бажкеноваға берген сұхбатында Қаныш Сәтпаев пен баянауылдықтар Ғылым академиясының негізін қалағанын айтады.
«Тут трудно разделить. С одной стороны вы видите землячество, клановость. Они все баянаульские. Там три разных рода, но они все баянаульские. С другой стороны вы видите, что все они — родственники: один — по прямой мужской линии; другой — по женской; кто-то женился успешно. Значит, мы видим одновременно три явления  — трайбализм, непотизм, землячество. Все они смешались, и их трудно разделить», - дейді Сәбитов.

Қаныш Сәтпаев трайбализммен айналысқан деуге бола ма?

Сәтпаевқа дейін-ақ Баянауылдың ғылым-білім жолында болғанын айту керек: Арғын Сүйіндіктен шыққан қазақтың төбе биі Шоң, аға сұлтандар Шорман би, оның баласы аға сұлтан Мұса Шорманов – Шоқан Уәлихановтың туған нағашысы, ғалым, орысша, қазақша аса сауатты текті тұқым еді. Мұса Шорманов – Орта жүздің шамшырағы, Садуақас Шорманов, Имантай  Сәтбаев, Әміре Айтбақин.  Мәшһүр Жүсіп – қазақтың соңғы әулиесі – 20 томдық аса құнды еңбектерін не дейміз? Сондай білім-ғылым ордасы, текті әулеттер өмір сүрген жерден қалай Қаныштар сияқты ұлы ұрпақтар шықпайды? Қаныш сол ұлылардың ұрпағы болса, оның жетінші атасы Анай бидің әйелі атақты Арғын Қозған, бір өзінде жеті аты болған қазақтағы жалғыз адам – Әз Тәйтеке, Дайыр Тәйтеке, Абыз Тәйтеке, Арғын Тәйтеке, Би Тәйтеке атанған қазақтың ұлы биі – Тәйтеке бидің Аққабақ деген жалғыз қызы. Бұл Қаныштың ұлы нағашысы.

Әрине, осындай ұлылар елінде кейін де бұл елден ғылымға келуші көп болды, олардың әрқайсының ұлы орны бар, олар қазақ ғылымының әр түрлі салаларының негізін салды. Әлкей Марғұлан – қазақ археологиясының атасы, жазушы Жайық Бектуров, академик Шапық Шокин, Есіктегі Алтын Адамды табушы академик Кемел Ақышев, ғалымдар Ержанов, Арғынбаев, Олжас Сүлейменов... Осылардың бәрі трайбализм, непотизм, жершілдіктің арқасында ұлы ғалым болды ма?

Шыңғыс ханнан тарайтын Жошы тұқымдары атақты Қасым ханды екі жүзді «политическое животное» деп баға беріп, қазақ хандығында сонау Керей мен Жәнібектің тұсынан бастап азаматтық соғыс бір толастамағанын, қария шағындағы Әз Тәукенің аяғын қазақтардың өзі шауып тастағанын, Ермұхан Бекмаханов (төре) қарсыласының басын таптап өткен деп жазу, әйелі бола тұра студент қызбен көңіл қосқанын, ақшасы болмай, жалаң төспен соғысқандықтан жалаңтөс атанған деп жүрген адам жайлы не деуге болады? Тарихты бұлай бұрмалауға бола ма? Егер әркім осылайша, өзінше тарих жайлы әңгіме айтса, онсыз да жоғын іздеп жүрген халықтың өткенін қалай түгендейміз?

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар