Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жаңа адамдар” қозғалысының жетекшісі: Біз ешкіммен аламанға түспейміз, біздің бағыт бөлек

07 қаңтар 2024 184

Әр жылдың басында өткен жылда жасаған істерің мен көрсеткен нәтижелеріңе баға беруге тырысасың. Осы орайда “Жаңа адамдар” қозғалысының жетекшісі мен қатысушылары «ARMAN ABDOLLA» YouTube каналына сұхбат беріп, өздерін және атқарған жұмыстарын толық таныстырып шықты.



Елімізде “Жаңа адамдардан” бөлек бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан бірнеше қозғалыс бар. Ал “Жаңа адамдар” сол қозғалыстардан несімен ерекшеленеді? Әсел Бәденова осы сауал төңірегінде былайша жауап берді.


“Мен салыстырмалы түрде анализ жүргізген жоқпын. Өйткені біздің өзіндік жолымыз бар. Біз ешкіммен аламанға түспейміз”.

Қозғалыс жетекшісінің сөзінше, “Жаңа адамдардың” алған бағыты мүлдем бөлек.

“Бізге дейін құрылып, жұмыс істеген қозғалыстардың форматы мүлдем басқаша. Олар сол кездегі жағдай қаншалықты мүмкіндік берсе, соншалықты жұмыс істеді. Ал қазір жаңа Қазақстан туралы айтатын болсақ, онда оң өзгерістер өте көп. Мәселен бүгінгінің жастары үнемі даму үстінде Сондай-ақ олардың белігілі бір мәселелерге деген өзіндік қалыптасқан көзқарасы бар. Сонымен қатар көбі ойлағандай қазіргі жастар саясаттан бей-хабар емес. Міне, “Жаңа адамдар” ұсынатын формат осындай”.

Әсел Бәденованың айтуынша, елімізде жұмысын жалғастырып келе жатқан қозғалыстар жаңа нәтижелерге қол жеткізбесе, олар жаңа Қазақстанға сай форматта еңбек етіп жатыр деуге келмейді.

https://youtu.be/_eJGenpofTw?si=PhKt2V6m8-IOYuLb

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?