Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Зеленский Ресейдің шабуылды қашан бастайтынын айтты

04:06, 15 ақпан 2022 262
Украина Республикасының президенті Володимир Зеленский 16 ақпан күні сыртқы күштер шабуыл жасауы мүмкін екенін ескертіп, ол күнді «Бірлік күні» деп жариялады. Бұл туралы Aalsh.kz порталы Orda-ға сілтеме жасап хабарлайды.



Ол 16 ақпанды «Бірлік күні» деп жариялайтыны туралы Жарлыққа қол қойған. Видеоүндеуде президент Украина халқын бірігуге шақырып, ауызбіршілік сақтау қажет екенін айтты.
– Бізге 16 ақпанда шабуыл болуы мүмкін екенін айтып жатыр. Біз бұл күнді «Бірлік күні» деп жариялаймыз. Ол күні ұлттық жалауларды көтеріп, барша азаматтар сары-көк ленталарды тағып, барша әлемге бірлігімізді көрсетеміз, – деді ол. Президент әділет пен бостандыққа ұмтылатынын және мұндай қоғамды қалыптастыру үшін күш керек екенін айтты.



Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар