Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Хромтаудағы өрттен 55 адам құтқарылды

14:20, 21 шілде 2024 424
 
Бүгін Ақтөбе облысы Хромтау қаласында 3 қабатты тұрғын үйдің пәтері жанды, деп хабарлайды Alash.KZ inbusiness.kz сайтына сілтеп.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында шақыру түскен сәттен бастап 31 минут ішінде өрт сөндірілді.

ТЖМ күштері үш иінді сатының көмегімен 15 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарып, баспалдақ маршымен 40 адам, оның ішінде 12 бала эвакуациялады.

"ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды", - делінген хаабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар