Журналист Динара Сәтжан Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың ішіндегі бір жан туралы ерекше атап өтті, деп хабарлайды Alash.kz
Ол бұл туралы инстаграм парақшасында жазды.
Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ бортында 67 адам болған. 62 жолаушы және 5 экипаж мүшесі. 38 адам қаза тапты. Олардың арасында алты қазақстандық бар. Екеуі – Астанадан, нотариус Гаухар Шаймерденова және оның 11 жасар ұлы Эльдар. Мен Астана нотариалдық палатасының төрайымы Айгерім Айкешевамен байланыстым. Оның айтуынша, өткен жексенбіде олар нотариустардың корпоротивінде бірге болған. Гаухар әріптестеріне кіші ұлымен бірге Жаңа жылды қарсы алу үшін Грозныйға отбасылық достарына баратынын айтқан. Бүгін таңертең олар Бакуге, одан Грозныйға ұшқан, өйткені Астанадан тікелей рейс жоқ еді. Гаухардың үлкен ұлы Астанада қалған, себебі ол Австралияда оқиды және жуырда ғана оқуынан келген. Гаухардың анасы қайғылы жағдай туралы әлі білмейді. Қайтыс болғандардың денесін Ақтаудан алып кету үшін Гаухардың бұрынғы күйеуі және оның көмекшісі ұшып шықты. Оларды Ақтаудағы нотариустар қарсы алып, көмек көрсетпек. Айта кету керек, нотариустардың ұйымшылдығы ерекше. Олар қазір отбасыға көмек үшін қаражат жинап жатыр. Мен: «Біз де көмек көрсете аламыз ба?» деп сұрадым. Айгерім: «Өзіміз көтереміз», – деп жауап берді. Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Сонымен қатар, ұшқыштардың батылдығын атап өткім келеді. Олар қолдан келгеннің бәрін жасады. Егер ұшақ суға құлаған болса, құрбандар саны бұдан да көп болуы мүмкін еді…”,- деді ол.