Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ұрлықтар да болды" - Тоқаев Al Jazeera телеарнасына сұхбат берді

09:43, 30 мамыр 2025 432
 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Al Jazeera басылымына берген сұхбатында Қазақстанның бұрынғы басшысының элиталарына берілген артықшылықтарды жою жөнінде қойылған сұраққа нақты жауап берді, деп жазады Alash.KZ сайты Dalanews.kz порталына сілтеп.

Сұхбат барысында тілші Мемлекет басшысына мынадай сауал қойды.

"Сіздер белгілі бір жетістіктерге жеттіңіздер – тергеулер жүргізілді, ұрлық фактілері бойынша үкімдер шықты. Менің білуімше, 1,2 миллиард доллар қайтарылды. Бірақ кейбіреулер бұл жұмыстың әлі толық аяқталмағанын айтады. Назарбаевқа қатысы бар бірқатар маңызды құрылымдар (Назарбаев қоры, Halyk Bank және т.б.) әлі де терең тексеруден өткен жоқ. Бұл жөнінде не ойлайсыз?"

Тоқаевтың жауабы:

Қасым-Жомарт Тоқаев елде ұрлық фактілері болғанын растады және осы бағыттағы тергеулердің жалғасып жатқанын айтты.

"Әрине, біздің жұмысымызға сын айтылып та жатыр. Бірақ біз көп нәрсе жасадық – әрі оның бәрі халқымыз бен қоғамымыздың игілігі үшін. Сонымен қатар, біз Назарбаевтың – қазіргі заманғы тарихымыздағы алғашқы президенттің тарихи рөлін мойындауымыз керек. Иә, қателіктер болды, сіз айтқандай, ұрлықтар да болды. Біз тергеу жүргізіп жатырмыз, бұл процесс жалғасады. Бірақ мен Қазақстанда бүлік ұйымдастырмақ емеспін, өйткені бұл елімдегі жағдайдың тұрақсыздануына алып келер еді", – деді Тоқаев.

Сұхбат барысында мемлекет басшысы мұнай экспортын, нақтырақ айтқанда, Қазақстанның Ресей арқылы өтетін бағытқа тәуелділігі мәселесін де қозғады. Бұл жөнінде бұған дейін толығырақ жазылған.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Al Jazeera телеарнасына эксклюзивті сұхбат берген болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар