Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығу туралы петиция жарияланды

07:16, 24 наурыз 2022 223

Ресейдің Украинаға басып кіруі көптеген халықаралық саяси мәселелерді қозғады. Соның ішінде қазақстандықтарды алаңдатқаны – еліміздің ҰҚШҰ мен ЕАЭО-ға және Кедендік одаққа мүшелігі. Бүгінгі күні жұртшылық ел билігінен осы одақтардан шығуды талап етуде.

Ахметов Шыңғыс Айтуарұлы есімді азамат Egov.Press платформасында ҚР президенті мен парламентіне қарата ҰҚШҰ және ЕАЭО-дан шығуды талап еткен петиция жариялады.

«Қазақстан билігінен ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығуды, сондай-ақ Ресей Федерациясымен барлық интеграциялық процестерді тоқтатуды талап етеміз. РФ-пен тек дипломатиялық қарым-қатынаста ғана қалу керек. Ресейді қолдасақ, дәл қазіргі Ресей сияқты әлемнің өзге елдерінен оқшауланып қалуымыз мүмкін», – деп жазылған петицияда.

Бүгінгі таңда петицияға жиырма мыңға жуық азамат қол қойып үлгерген. бұл мәселеге қатысты ел билігі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.



Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар