Саясаттанушы Александр Скубченко Вашингтонда Украина президенті Владимир Зеленскийді қызметтен кетіру туралы шешім қабылданып қойғанын хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Украина Конституциясына сәйкес, президент болмаған жағдайда оның міндетін Жоғарғы Рада төрағасы атқарады. Сондықтан Руслан Стефанчукты қызметтен шеттетеді. Себебі ол да Ұлыбританияға жақын саясаткер. Одан кейін депутаттардың ішінен Трампқа ыңғайлы Жоғарғы Рада төрағасын сайлайды. Осылайша сайлауға дайындық кезеңінде жаңа министрлер кабинеті құрылады. Кейін Ресеймен бейбіт келісімге қол қоятын президент сайланады», – деді Скубченко Tsargrad.tv эфиріне берген сұхбатында.