Пәкістанның солтүстігінде қалыңдықты қоса алғанда, үйлену тойына қатысушыларды тасымалдаған автобус өзенге құлап, кем дегенде 22 адам қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
“Сейсенбі күні Диамер округінде (Гилгит-Балтистан) үйлену тойының шеруіне қатысқан автобус өзенге құлап, 22 адам суға батып кетті”, – делінген Dawn телеарнасының хабарламасында.
Телеарнаның мәліметінше, қалыңдық аман қалған, ол жарақат алып, қазіргі уақытта ауруханада жатыр.
Пәкістан президенті Асиф Али Зардари қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.