Талдықорғандық 16 жастағы оқушы қыз 16-қабаттан секіріп көз жұмды. Марқұм қыздың мамыр айының басынан бері мектепке бармағаны белгілі болды.
Жетісу облысының білім басқармасы CMN.KZ тілшісіне 16 мамырда болған қайғылы оқиғаның мән-жайын айтып берді. Қыз 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Dostyq school Taldyqorgan» жекеменшік мектебінің бітірушілер сыныбында оқиды.
«Марқұмның оқу үлгерімі жақсы. Бірақ қыздың мінезі тұйықтау болды. Ол өзін сыныптастарынан алшақ ұстайтын. 21 мамырда ол ҰБТ тапсыруы керек еді», - деді ол.