Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ТЖ министрі Шәріпхановтың Лаврентьевке сөзі өтпейді

09:39, 09 қаңтар 2024 269


Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов бұрынғы АМТ – бүгінгі Qarmet компаниясының басшысынан шахталардағы кемшіліктерді жоюды талап етілетіні жөнінде мәлімет берсе де, ол үшін қанша уақыт бергенін айта алмады.



«Қазір ақпарат алаңында бұрынғы АМТ – бүгінгі Qarmet компаниясының басшысы Лаврентьев шахталарды тексеріп, кемшіліктерді түзеп жатқаны туралы мәліметтер тарап жатыр. Бұл ретте Митталдың кезінде жол берілген кемшіліктерді жою талаптарын Төтенше жағдайлар министрлігі компания басшысына қалай қойып отыр? Миттал бұрын апат кездерінде келмеді де. Ал Лаврентьевке тістеріңіз бата ма? Оған бәрін қалпына келтіру үшін қанша уақыт беріп отырсыздар?» - деп сұраған Ulysmedia.kz тілшісі министрден.

Министр Шәріпханов тексеру әрине, біздің міндетіміз дейді.
«Бұрын да естіген боларсыз – тексеру кезінде біз алдын ала бір жылда жоспар құрып, бір ай бұрын тексеретін мекемеге таныстырамыз (?). Сол себепті әрине, көп мәселе шешіліп тұрады. Бірақ оған қарамастан кемшіліктер бар. Оларды анықтап, оны түзетуге уақыт береміз. Егер түземей жатса, айыппұл саламыз», - дейді ол.

«Компания басшысына қанша уақыт беріп отырсыздар? Талапты орындамаса қанша айыппұл салынады?» Бұл сұраққа Шәріпханов мәселе қазір бақылауда дегенімен нақты мерзімді тағы айтпады.
«Кармет компаниясына уақыт беріп отырмыз. Түзетуге, жоюға. Инвестордың жұмысы өте көп. Ең біріншіден, өндірісті жүргізіп, компания жұмысын тоқтатпау керек. Сол бағытта бізде көмек, консультация беріп отырмыз. Тексеру де жоспарлы түрде болады. Арнайы комиссия бар. Қазір тек талап етіп, уақыт беріп деген дұрыс емес сияқты. Сондықтан, біз анық уақытты жұмыс ретінде белгілейміз», - дейді ол.

Еске салайық, 28 қазанға қараған түні «АрселорМиттал Теміртау» кенішінде жарылыс болды. Жарылыс кезінде шахтада 252 адам болған, 206 кенші жер бетіне шықты, 46 кенші қаза болды.

Шахтада көз жұмған жұмысшылардың толық тізімі жария болды. Қазақстан президенті Тоқаев «АрселорМиттал Теміртаумен» ынтымақтастықты тоқтатуға бұйрық берді. Қайғылы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу  де жүріп жатыр.

Сондай-ақ, үкіметтің «АрселорМиттал Теміртау» АҚ акционерлерімен алдын ала келісімге келгені және кәсіпорынды Қазақстанның пайдасына меншік құқығына беру жөніндегі мәміленің аяқталып жатқаны аян.

Белгілі экономист, 2022 жылы президенттікке үміткер болған Мейрам Қажыкен билік Костенко шахтасындағы апатқа бар кінәні "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының акционері Лакшми Митталға жауып отырғанын, ал шын мәнінде кеншілердің өліміне 90% үкіметтің өзі кінәлі екенін мәлімдеген болатын. Алайда премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметті ақтап, жауапкершілікті кәсіпорын басшылығына сырғытты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Сирия үшін дау

20:41, 07 желтоқсан 2024 303