Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тоқаевтың баспасөз хатшысы тағайындалды

12:25, 06 қыркүйек 2023 158
Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды», — деп жазды Ақорда.

Нұрмұхамед Байғараев «Болашақ» бағдарламасы арқылы 2017 жылы Ұлыбританияның Ланкастер университетінде білім алған.

Бірқатар отандық БАҚ-та жұмыс істеген, «Айқын» газетінің бас редакторы, «Егемен Қазақстан» басылымында бас редактордың орынбасары қызметін атқарды.

Биыл ақпан айынан бері ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары қызметін атқарды.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?