Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тоқаев пен Зеленский Украина мәселесін талқылады

04:10, 03 наурыз 2022 325
[ad_1]



2 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Украина басшысы Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті.

Ақорда сайтының жазуынша, телефон әңгіме Украина тарабының бастамасымен жүргізілген.

"Тараптар Украина төңірегіндегі ахуал бойынша пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөздер барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты. Мемлекеттер басшылары екі елдің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келісті" деп жазылған Ақорда таратқан қысқа хабарламада.

Владимир Зеленский сөзіне сүйенген Украина ақпарат құралдарының жазуынша, ол Тоқаевпен бірге "аймақтағы қауіпсіздік" мәселесін талқылаған. Екі басшы "гуманитарлық мәселелер бойынша ынтымақтастық орнатуға келіскен".

"Әрі қарай да байланыста боламыз" деген Зеленский.

Ақорда мұның алдында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей басшысы Владимир Путинмен сөйлескенін хабарлаған. Тоқаев Путинге Украина төңірегіндегі ахуал бойынша "ортақ келісімге қол жеткізудің аса маңызды екенін" атап өткен.

  • Украина шығысындағы сепаратистік құрылымдардың "тәуелсіздігін" мойындаған Ресей 24 ақпанда Украинаға басып кіріп, елді мекендерін атқылап, бомбалай бастаған. Владимир Путин оны "демилитаризация және денацификациялауға" бағытталған "арнайы әскери операция" деп атаған. Мәскеу Украинаның тек әскери инфрақұрылымына ғана "шабылуылдайтынын" айтқанмен іс жүзінде азаматтық нысандар да қирады, бейбіт азаматтар опат болды.

  • Киев пен Батыс елдері оқиғаны соғыс деп атап, Ресей агрессиясын айыптады. Еуропа елдері, АҚШ, Канада, Жапония Мәскеуге санкция салды.

  • Ресей одақтасы әрі экономикалық тұрғыда солтүстіктегі көршісіне тәуелді Қазақстан осы аптаға дейін үнсіздік танытып келген. 1 наурызда басқарушы партияның съезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан "еуразиялық қауіпсіздіктің ажырамас принципінен" айнымайды деп мәлімдеді. Ол Киев пен Мәскеуді келіссөз арқылы тіл табысуға шақырып, қажет болса араағайын болуға да дайын екенін жеткізді.




[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар