Әнші Қыдырәлі Болманов “Тойда мас болғандары ұят болды” деп өзіне қатысты желіде тараған видеоға пікір білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Шымқалада болған осы тойды біреулер ән айтып тұрған видеомыздың бетіне баттыйтып,-тойда мас болғандары ұят болды,-деп Қарақатты да қосып жіберіпті. 5-6-камера басынан аяғына дейін түсірілген,той иесі бар, той қонақтары бар, ұйымдастырушылар, бізге дастархан жайып, қызмет көрсеткен даяшы қыздар бар. Куә-жеткілікті Құдайға шүкір! Сол қыздар-ақ дастарханда арақ-шарап болмағанына куә!
Қалайда жала жабуға мәжбүр болып тұрсаңыз,-мен туралы не жазғың келсе де пажалыста,-негативтеріңізді маған жабыңыздар,-өтініш!
Қасиетті жерге барып келген сапарымызға көлеңке түсіріп, ол видеоны көрген адамға,-күман салып жүрген пенденің мақсаты не болуы мүмкін, құрметті оқырман? Күна жиағаннан басқа не пайдасы бар? Осы уақытқа дейін, 25-жылда қол ұстасып, елдің көз алдындамыз,-сансыз мадақтар болсын! 25-жылда бір де бір тойдан ешқашан осындай жала жабылған емес, жаман сөз ерген емес!
Есі дұрыс адам Қасиетті Меккеден келе салып, арақ ішеді ме? Оның үстіне қасиетті ораза келіп қалғанын жақсы білеміз. Өсек-аяң,тасып, өтірік айтып, жала жабатындарды,-Алла кешірсін! Бір Аллаға тапсырдым! Қасиетті оразада жа ағсн құлшық, ниет, тілектеріңіз қабыл болсын! Не тілесеңіз де, Алла қабыл етсін, тілектеріңіз орындалсын! Осы айтылған дүние аз десеңіз, біздерді көріп тұрған Ұлық Алла куә!”,- деп жазды әнші.