Абай облысының әкімі Берік Уәли Жидебайға барып, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінде болып, бабалар рухына құран бағыштап, тағзым етті. Бұл туралы «018.kz» ақпараттық порталы хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Абай ауданынан шыққан белгілі ақын Төлеген Жанғалиев аймақ басшысының жұмысына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.
«Он аудан, екі қаланың есебін тыңдап болғаннан кейін жоспарымды жариялаймын. Не жасаймын, не істеймін, ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді жоспарыммен өздеріңізге бөлісетін боламын. Бұйыртса өздеріңіздің ағалық ақылдарыңызбен бірлесе жұмыс жасайтын боламыз», - деді Берік Уәли.
Сондай-ақ, өңір басшысы Абайдың музей үйіне барып, ондағы құнды жәдігерлермен танысты.