Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Украинада оққа ұшты талай қазақ баласы

12:42, 02 наурыз 2022 276


Ресей мен Украина арасындағы соғыста Краснояр өлкесі Астрахань облысының қазағы Арман Нарынбаев қаза болған. Бұл жөнінде өлке губернаторы Игорь Бабушкин Instagram парақшасында мәлімдеді.


"Украина жерінде біздің Краснояр өлкесінен келген жерлесіміз Арман Қасымұлы Нарынбаев қайтыс болды. Ол өз өмірін отанын қорғау үшін арнады. Бұл шайқаста ол қаһарман ретінде қаза тапты", – деп жазды Бабушкин. Ескерте каетейік, тұтқындар арасында да қазақ сарбаздары бар. Бұған дейін сондай екі-үш қазақ азаматы қолға түскен болатын.

Ресей қорғаныс министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, арнайы операция барысында ресейлік әскерлердің арасында қаза тапқандар мен жараланғандар бар.

Бұған дейін Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Украинадағы арнайы операция кезінде екі сарбаздың қазасы туралы айтқан еді.

Ж.Қалыбек

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар