Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ауасы өте лас, аса жайлы емес»: шахматтан әлем чемпионы Алматының экологиясы жайлы айтты

17:29, 23 ақпан 2025 227

Шахматтан әлем чемпионы Магнус Карлсен танымал подкастер Джо Роганға берген сұхбатында Алматыда өткен чемпионат жайлы әсерін бөлісіп, қаладағы экологиялық ахуалға қатысты ойын айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Шахматтан әлем чемпионаттары ерекше жерлерде өтеді. Бұл жолы жарыс Қазақстанның Алматы қаласында ұйымдастырылды. Бірақ бұл қала, кем дегенде қыста, өте ластанған және аса жайлы емес», — деді Магнус Карлсен.

Сондай-ақ, ол Алматының төменгі бөлігінде, яғни қала ішінде жүрудің «мүлде қолайсыз» болғанын атап өтті.

Дегенмен норвегиялық шахматшы Алматы маңындағы тауларға тәнті болып, шаңғы демалысы үшін қолайлы екенін атап өтті.

«Қаладан жарты сағаттық жерде сіздерде Альпіге ұқсас керемет таулар бар. Олар 3,5 мың метр биіктікке дейін көтеріліп, таңғажайып көрініс сыйлайды. Қаладан шамамен бір сағатта тау басына шығып, керемет шаңғы демалысын өткізуге болады», – деді әлем чемпионы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар