Қазақстандық оқушылар KhIMIO2025 халықаралық олимпиадасында 100 пайыз нәтиже көрсетті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбеде 5-9 қараша аралығында өткен KhIMIO2025 халықаралық математика және информатика олимпиадасында қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына сегіз медаль салды. Байқауға 10 мемлекеттен дарынды оқушылар қатысты.
Қазақстан құрамасы екі жас санатында 14-15 жас (7-8 сынып) және 16-18 жас (9-11 сынып) аралығындағы оқушылардан құралды.
Нәтижесінде қазақстандықтар жүз пайыздық көрсеткішке қол жеткізді.
Жоғары жас санаты (9-11 сынып):
1 орын Мансур Мамадахунов – Қызылорда облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика);
2 орын Алдияр Сейтбай – Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика);
2 орын Әли Еркебұланұлы – ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы (математика);
2 орын Бердібек Орынбасар – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (математика).
Кіші жас санаты (7-8 сынып):
2 орын Ахмет Бердімұрат – Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернаты (математика);
2 орын Темір Оразбек – Республикалық физика-математика мектебі, Алматы (математика);
2 орын Азамат Рахимбердиев – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика);
3 орын Ислам Ермуханов – Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика).
Олимпиаданың жұмыс тілдері – ағылшын, орыс және тәжік тілдері. Қатысушылар математика мен информатика пәндері бойынша теориялық және практикалық турларда білімдерін сынады.
Қазақстан құрамасының олимпиадаға қатысуы Оқу-ағарту министрлігінің тікелей қолдауымен, сондай-ақ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты.