Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Зейнетақы жинағын ипотекалық несиені төлеуге пайдалану: Ел асыға күткен қуанышты хабар шықты

10:07, 10 қараша 2025 261

Қазақстандықтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жинақтарын пайдалану мүмкіндіктері кеңейтілуі мүмкін. Тиісті бұйрық жобасын Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әзірледі, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Бұйрық жобасы 21 қарашаға дейін "Ашық НҚА"порталында талқыланады.

Жоба зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді. Атап айтқанда, оларды төмендегідей мақсаттарға бағыттауға рұқсат беру ұсынылады:

  • тұрғын үй несиесі бойынша негізгі қарызды өтеу;
  • ай сайынғы төлемді азайту;
  • несиенің мерзімін қысқарту.

Құжатқа сүйенсек, жаңартулар Салық кодексінің жаңа редакциясымен байланысты, оған сәйкес Қазақстан резиденттері БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері түріндегі табыстан жеке табыс салығын төлеуден босатылады.

Министрлік мәліметінше, өзгерістердің мақсаты — біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану процесін тиімді әрі ыңғайлы ету, сондай-ақ азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қосымша құралдар беру.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар