Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Трамп бес елдің басшылары ішінде Тоқаевқа ерекше құрмет көрсетті – Грузияның бұрынғы қаржы министрі

16:46, 09 қараша 2025 256

Грузияның бұрынғы қаржы министрі Валерий Чечелашвили АҚШ президенті Дональд Трамптың саммит барысында Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ерекше ықылас танытқанын атап айтты, деп жазады Alash.KZ.

Оның сөзінше, кездесуге қатысқан бес мемлекет басшыларының ішінде Трамптың ең үлкен назар аударғаны дәл Тоқаев болған.

«Дональд Трамп ең алдымен сөзді Қасым-Жомарт Тоқаевқа берді. Бұл таңғаларлық емес, өйткені АҚШ пен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстар айрықша маңызға ие. Қазіргі уақытта АҚШ-тың Қазақстан экономикасына құйған инвестиция көлемі 100 миллиард доллардан асып отыр. Ал саммит қорытындысы бойынша жалпы 17 миллиард долларлық келісімдерге қол қойылды», – деді Чечелашвили.

Сарапшылардың пікірінше, бұл факт АҚШ-тың Орталық Азиядағы серіктестік саясатында Қазақстанның жетекші рөлін тағы бір мәрте дәлелдейді.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар