Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Министр Сүлейменова мұғалімдер үшін өте маңызды мәлімдеме жасады

14:52, 09 қараша 2025 237
Соңғы уақыттарда қоғамда қызу талқыланып, ұстаздар тарапынан жиі сынға ұшыраған «Мақсатты мектеп» жобасы тоқтатылды, деп хабарлайды Alash.KZ.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өзінің қатысуымен өткен кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді.

Жиында білім сапасын арттыру мен мектеп жүйесіндегі өзекті мәселелер кеңінен сөз болды.

Министрдің айтуынша, жоба мұғалімдерге қосымша жүктеме артып, олардың негізгі оқу-әдістемелік жұмысына кері әсерін тигізген. Бұдан бөлек, бастаманың нақты құқықтық негізі мен ресми құжаттары болмаған. Осы себепті жобаны тоқтату туралы шешім қабылданған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар