Астаналық судья Әсел Досаева мас күйде және жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарғаны үшін ұсталғанына қарамастан, әлі де өз қызметін атқарып жүр, деп жазады Alash.KZ сайты Жас алаштың телеграм арнасына сілтеме жасап.
«Судья заңда белгіленген тәртіп бойынша Жоғары сот кеңесі тиісті шешім қабылдағанға дейін өз қызметтік міндеттерін атқара береді», - делінген хабарламада.
Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың ресми сайтында да Әсел Досаеваның судья ретінде жұмыс істеп жатқаны көрініп тұр.