Ақ үйдің баспасөз қызметі Тоқаев пен Трамптың Оваль кабинетінде өткен кездесуінен жаңа фотосуреттерді жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақ үйдің Оваль кабинетінде Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамппен келіссөздер жүргізді.
Кездесуге қазақстандық тараптан Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев, ал америкалық тараптан вице-президент Джей Ди Вэнс, Мемлекеттік хатшы Марко Рубио және экономика министрі Скотт Бессант қатысты.
Көшбасшылар сапар аясында Қазақстан мен АҚШ арасында жалпы құны 17 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылғанын құптады.
Суреттерде Тоқаев пен Трамп қол алысып, бірге тұрған сәтті, сондай-ақ кездесу соңында бейресми жағдайларда сөйлесіп тұрған сәттер көрсетілген.




