Заңгер Мейірман Шекеев тележүргізуші әрі Қазақстан Халық партиясының атынан Құрылтай депутаттығына үміткер болып тіркелген Аша Матайдың мәлімдемесіне жауап берді, деп жазады Alash.kz.
Заңгер тележүргізушінің өзіне қатысты айтқан пікіріне наразылық білдіріп, оны сотқа беруі мүмкін екенін айтты.
“Аша Матайдың сөздерін маған түсінікті тілге аударып беретін маман барма? Мен не дедім, домбырам не дедінің сиқы болып, түсінбей дал болып отырмын. Тәрбиесі, көкірегі тағы басқасы несі?
Аша Матай дұрыс түсінбеген сияқты. Тәрбиенің не қатысы бар екенін білмеймін. Десе де мен оған толық жауап беремін.
Мен Аша Матайды сотқа беруім де мүмкін. Менің сөзімді бұрмалағаны үшін”, – деді Мейірман Шекеев.
Еске салайық, бұған дейін Аша Матай өзін ашық пікірталасқа шақырған Мейірман Шекеевке жауап беріп, қазақ қызына ер адаммен сөз таластыру жараспайтынын айтып, дебатқа қатысудан бас тартқан болатын.