Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шавкат Мирзиёевке сенім грамотасын табыс етті: Ералы Тоғжанов жаңа қызметіне кірісті

17:43, 29 шілде 2026

Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ералы Тоғжанов Шавкат Мирзиёевке сенім грамотасын табыс етті. Бұл туралы елшіліктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Alash.kz. 

Сенім грамотасын табыстау рәсімі Елшінің қабылдаушы мемлекеттегі дипломатиялық миссиясының ресми түрде басталғанын білдіріп, Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету жөніндегі өкілеттіктерін растайды. 

Аталған оқиға Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара сенім мен стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін тағы бір мәрте айғақтайды.

Сондай-ақ ол екі ел арасындағы одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты барлық негізгі бағыттар бойынша кеңейтуге жаңа серпін береді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар