Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Рақымшылыққа ілікті»: Көкшетаудағы адам өліміне әкелген оқиғаға қатысты күтпеген дерек шықты

18:34, 28 шілде 2026

Көкшетауда адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасынан соң көлік иесіне қатысты қозғалған қылмыстық өндіріс рақымшылық заңы аясында тоқтатылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Іс материалдарына сүйенсек, қала тұрғыны тиісті жүргізуші куәлігі жоқ жұбайына көлігін басқаруға берген. Нәтижесінде тәжірибесіз жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оның қаза болуына себепші болған.

Осы оқиғадан кейін көлік иесіне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 349-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Аталған бап бойынша көлік құралын басқаруға құқығы жоқ тұлғаға беріп, салдарынан адам өліміне соқтырған әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылған. Осы баптың санкциясы бойынша айыпталушы үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.

Дегенмен сот отырысы барысында Ата заңымыздың қабылдануына орай жарияланған рақымшылық туралы заң талаптары қолданылды. Осының нәтижесінде автокөлік иесі рақымшылыққа ілігіп, оған қатысты қозғалған қылмыстық іс қысқартылды.

Осылайша сот қылмыстық қудалауды түбегейлі тоқтату туралы ұйғарым шығарып, істі рақымшылық актісінің негізінде жапты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар