Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ауруым осы жағдайға жеткізді»: Нұрай Серікбайдың өліміне күдікті өз уәжін айтты

15:45, 28 шілде 2026

Шымкентте Нұрай Серікбайды өлтірді деп айыпталған Шерхан Аймахан сот отырысында өз әрекетін психикалық ауытқуымен түсіндіріп, денсаулығын күтпегені үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Alash.kz.

Айыпталушының айтуынша, трагедияға оның бақылаусыз қалған психикалық жағдайы себеп болған. Ол 2019 жылы алған бас жарақатынан кейін өзіне обсессивті-компульсивті бұзылыс диагнозы қойылғанын жеткізді. Сол уақыттан бері ата-анасы оны психиатрларға, Алматы мен Қаскелеңдегі емшілерге апарғанын, тіпті үйде түрлі емдік ырымдар жасағанын айтты. Сотталушы кісі өлтіргені үшін емес, дәл осы сырқатын асқындырып алғаны үшін марқұмның туыстарынан, өз отбасынан және бүкіл елден кешірім сұрайтынын мәлімдеді.

Сонымен бірге ол бұл диагнозын марқұм Нұрайдан жасырғанын айтып, оның соңынан түсіп, аңдығаны туралы айыптарды әлі де мойындамай отыр.

Дегенмен, өткізілген сот-психиатриялық сараптама Аймаханды есі дұрыс деп тапты. Қазіргі уақытта тергеу оған аса қатігездікпен кісі өлімін ұйымдастыру, адам ұрлау, соңынан түсіп мазалау және некеге мәжбүрлеу баптары бойынша айып тағуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар