Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тарихи алтын медаль! Қазақстан семсерлесуден алғаш рет әлем чемпионы атанды

19:00, 29 шілде 2026

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Гонконгта өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында алтын жүлдеге қол жеткізді, деп жазады Alash.kz.

ҰОҚ хабарлауынша, ерлер құрамасы шпага бәсекесінде топ жарды. Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов финалға дейін жетіп, алтын медаль үшін өткен кездесуде Украина құрамасымен жолықты.

Шешуші кездесу 40:45 есебімен Қазақстанның пайдасына аяқталды.

Турнир барысында қазақстандықтар Финляндияны (45:39), Өзбекстанды (28:27), Данияны (45:36) және Мысырды (41:32) жеңді.

Осылайша, шпагашылар тарихи нәтижеге қол жеткізді. Бұған дейін бұл сайыстағы команданың ең жоғары жетістігі 2025 жылы жеңіп алған қола медаль болатын. Сондай-ақ Руслан Курбанов 2023 жылы жекелей сында қола жүлдегер атанған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар