Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімнен өз бетінше кетіп қалып, бірнеше күн бойы іздеуде болған сарбаз қала сыртынан аман-есен табылды, деп жазады Alash.kz.
Бұл туралы ҚР Қарулы күштерінің Бас әскери полиция басқармасы хабарлады.
“ҚР Қарулы Күштерінің әскери полициясы әскери қызметшілерінің күшімен Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен мерзімді әскери қызметші қатардағы жауынгер А.Е. Мархан облыс орталығынан 20 шақырым жерде ұсталып, әскери полиция бөліміне жеткізілді. Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ”,- делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.
“Алдын ала мәлімет бойынша, сарбаз үйін сағынып, қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен. Тексеру барысында әскери қызметші командирлер және бірге қызмет атқаратын әскери қызметшілер тарапынан жарғыға қарсы келетін қарым-қатынас пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілері болмағанын мәлімдеді”,- деп хабарлады ҚР Қарулы күштерінің Бас әскери полиция басқармасы.