Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Тарихи нәтиже”: Семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы әлем чемпионатының финалына шықты

13:07, 29 шілде 2026

Гонконг қаласында өтіп жатқан семсерлесуден ересектер арасындағы әлем чемпионатында ерлер арасындағы командалық турнирдің финалистері анықталды, деп жазады Alash.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, санаулы сəттер бұрын Қазақстан командасы (Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов) жартылай финалда Мысырмен күш сынасып, тартысты өткен айқаста басым түсіп, тарихи нәтиже көрсетті. Есеп: 41-32.

Бұл Қазақстан ерлер командасы үшін әлем чемпионатының алғашқы финалы. Осыған дейінгі үздік көрсеткіш - былтырғы қола медаль. Еске сала кетейік, Қазақстан бір жыл бұрын Грузия астанасында өткен әлем чемпионатында әлемдік деңгейдегі көшбасшы Францияны ұтып, тарихи қола жүлдеге қол жеткізген. 

Қазақстан командасының бүгінгі жекпе-жектер нәтижесі: 

Ширек финал: Қазақстан - Дания 45:36 

1/8 айналым: Қазақстан - Өзбекстан 28:27 

1/16 айналым: Қазақстан - Финляндия 45:39

Жартылай финалдың келесі жұбында Украина мен Израиль кім мықтыны анықтап жатыр. Қазір семсерлесуден ерлер Ұлттық құрамасы әлем рейтингінде 5-орында тұр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар