Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Олар үшін ата-аналарынан да көп нәрсе жасадым»: Трамп америкалықтардың өзіне деген ықыласы туралы айтты

20:08, 28 шілде 2026

АҚШ президенті Дональд Трамп Мичиган штатындағы General Motors автоконцернінің жұмысшыларымен кездесуде америкалықтардың өзіне деген ықыласының себебін түсіндіріп, халық үшін олардың ата-анасынан да көп еңбек сіңіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Ақ үй басшысы өз сөзінде азаматтар үшін жасаған игі істерін атап өтті.

«Жұрт Трампты жақсы көреді, себебі мен олар үшін өз ата-аналарынан да көп жағдай жасадым. Ата-аналарыңыз – жақсы кісілер. Мен оларды сөгіп, сынға алғым келмейді, бірақ сіздер үшін жасаған еңбегім олардыкінен де асып түседі», – деді ол.

Сонымен қатар, ел басшысы шетелден әкелінетін автокөліктерге салынған баж салығы жөнінде де сөз қозғап, бұл шешімнің америкалық өндіріс пен отандық өнімді қорғауға бағытталғанын жеткізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар