Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Естігенде денем түршіккен»: Мөлдір Әуелбекова әсерлі мәлімдеме жасады

17:14, 28 шілде 2026

Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында Сүгірдің термесін эстрадалық бағытта шырқап, бұл жанрға жол салған продюсер Қыдырәлі Болманға ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі Сүгірдің термесін заманауи аранжировкамен алғаш рет орындаған аға буын өкілі Қыдырәлі Болман екенін атап өтті. Сол алғашқы туындыны тыңдаған кездегі ерекше сезімі мен толқынысын әнші оқырмандарымен бөлісті.

«Сүгірдің термесін эстрадалық нұсқаға салып, ең алғаш рет орындаған Қыдырәлі Болман аға. Сол алғашқы нұсқаны естігенімде денем түршіккен. Қысқасы, термелер мен халық әндерін эстрадаға салу жолын көрсетіп бастап бергені үшін шексіз алғыс! Жалғасын жалғастырып келеміз!», – деп жазды ол.

Мөлдір Әуелбекова ұлттық мұраны жаңғыртып, оны заманауи ырғақта дәріптеуге зор үлес қосқан Қыдырәлі Болманның еңбегіне жоғары баға беріп, бұл дәстүрді әрі қарай да дамыта беретіндігін жеткізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар