Алматы соты «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Алматы филиалына қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ескертулерін жоймағаны үшін 1,2 миллион теңге айыппұл салды.
bes.media мәліметінше, 2023 жылы төтенше жағдайлар қызметінің мамандары Желтоқсан көшесі 177к1 мекенжайында орналасқан ғимаратты тексеріп, заң бұзушылықтарды анықтады. Бұл каналға жататын азаматтық қорғаныс ғимараты. Телеарнаның өзі көршілес Желтоқсан көшесі 175 үйде орналасқан. Корпорацияға заң бұзушылықтарды жоюға уақыт берілген, алайда ол орындалмаған. Атап айтқанда:
- қорғаныс құрылымында дизельдік электр станциясы жоқ;
- қорғаныс құрылымында авариялық жарықтандыру жоқ;
- сүзгі жабдығында ақау бар
- қорғаныс құрылымы герметикалық емес;
- Күзет-герметикалық есіктерде ақау бар
Сотта телеарна өкілі азаматтық қорғаныс құрылымының одан әрі жұмыс істеуі орынсыз деп түсіндірді. Ескісін жөндегенше жаңасын салған оңай. Бірақ қаулы дауланбағандықтан, сот бұзушылықтарды жоймағаны үшін телеарнаға 1,2 миллион теңге айыппұл салу туралы шешім қабылдады.
12 наурызда «Қазақстан» РТРК» АҚ- аппеляциялық шағым түсіргенін айтты.
Айта кетейік, 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде Qazaqstan арнасының Алматыдағы кеңсе ғимараты өртенген болатын.