Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Соңғы 10 шақты жылда ол кісі өзінің беделін, билігін жеке басына, отбасына көбірек пайдаланып кетті". Құлекеев Назарбаевқа кешіріммен қарау керек дейді

13:40, 13 наурыз 2024 375

Саясат ағаш ат деген рас. Мемлекет қайраткері, ғалым Жақсыбек Құлекеев экс президент Нұрсұлтан Назарбаевты кешіруді сұрады.Құлекеев Назарбаевтың 30 жыл бойы атқарған еңбегі зор екенін айтады деп хабарлайды alash.kz сайты dalanews.kz сілтеп. 

"Бәрі бірдей ол кісіден теріс айналып кетті деп айту қиын шығар. Жанында жүрген азаматтар бар. Назарбаевтың өзін де кезең-кезеңге бөліп қарау керек. Алғаш егемендік алған кезде 2005 жылға дейін елбасы өте үлкен қызмет жасады. Жалпы егемендіктің 30 жылдығында елбасының атқарған еңбегі зор. Қазақстанды дүниежүзіне танытты, шекарамызды бекітті, ол кісінің қабілеті өте зор азамат.

Ал соңғы 10 шақты жылда ол кісі өзінің беделін, билігін жеке басына, отбасына көбірек пайдаланып кетті. Содан халық шаршады", - дейді Құлекеев "Сұрауы бар" YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Жақсыбек Құлекеев Нұрсұлтан Назарбаевты кешіруді сұрады.

"Елбасы да пенде, ол да әке. Ол да ата. Немере, шөбере сүйіп отыр. Отбасының айналасындағыларға қатысты қоғамда айтылып жатқан пікірлерге о кісі алаңдамайды екен, қынжылмайды екен деп айту өте қиын. Ол да ет пен сүйектен жаралған адам ғой. Меніңше, о кісіні дәл қазір табалаудың қажеті жоқ. Қолымыздан келетін болса, егемендік үшін, келешек ұрпақ үшін о кісінің жақсы атын сақтап қалған дұрыс.

Елбасы мен оның айналасында жүрген адамдардың озбырлығын немесе қылмыстық әрекетін бөліп қараған жөн деп ойлаймын. Президенттің ұстап отырған саясаты да сондай. Мемлекет үшін, болашақ ұрпақтар үшін, егемендіктің туын берік қылу үшін Назарбаевтың атқарған рөлі өте жоғары. О кісіні қазір қорлайтын болсақ, ол – егемендікті қорлағанмен бірдей нәрсе.

Сондықтан бұл тұрғыда мен халықтың елбасыға кешірімді болғанын қалар едім. Ал отбасының жақын мүшелері мен отбасыға жақын азаматтар, жақындығы болмаса да сол кісінің жанында жүріп көп пайдасын көрген азаматтар бар. Солардың ісін кешіру-кешірмеу жасаған іс-әрекеттеріне, қылмысына байланысты", - деді Құлекеев. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар