Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шерзаттың әкесі ұзақ тәулікке қамауға алынды

09:17, 11 желтоқсан 2024 184

Кеше Талғарда болған жиыннан соң Қаржаубай Нұрымовты полиция ұстап алып кеткен еді, деп хабарлайды Alash.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Талғар ауданындағы Шерзат Полаттың резонанстық өліміне қатысты ақпаратты жариялау үшін отбасы мүшелері мен қоғам белсенділері, адвокаттары құрған justice_for_sherzat парақшасында Қаржаубай Нұрымов, оның әпкесі мен қарындасына қатыстына қатысты әкімшілік соттың шешімі жарияланды. 

justice_for_sherzat парақшасынан скриншот

Қаржаубай Нұрымовтың әпкесі Бақыт Реймова“Митингке шақыру” бабы бойынша 15 тәулік қамауға алу және елден депортациялау жазасына кесілді. Себебі ол Қазақстан азаматтығын алмаған делінген ақпаратта.

Туған қарындасы Салтанат “Бұзақылық” бабы бойынша 20 АЕК (73 840 теңге) айыппұл төлейді.

Отбасының адвокаттары апелляциялық шағым түсіретіндерін мәлімдеді. 

Сондай-ақ жездесі де әкімшілік сотқа бүгін тартылады делінген мәліметте.

Алайда желіде жарияланған ақпаратқа қатысты ресми органдар әлі пікір білдірген жоқ.

Еске салсақ, кісі қолынан қаза болған жасөспірім Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесуді талап етті. Газельдің үстіне шыққан Қаржаубай журналистер келмеген жағдайда өзіне қол жұмсайтынын мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар