Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сессияны жабу үшін берген: Ақтөбеде колледж директоры парамен ұсталды

14:33, 04 шілде 2024 1565

Ақтөбеде мемлекеттен тапсырыс алып отырған техникалық колледж директоры парамен ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейресми мәлімет бойынша колледжде сессия жабу үшін студенттерден ақша жиналған. Қазіргі таңда колледж директоры үй қамағында отыруы мүмкін.

Ақтөбе облыстық білім басқармасы колледж директорының ұсталғаны туралы ақпаратты растады.

“Иә, хабарымыз бар. Біліп отырмыз. Бұл жеке білім беру ұйымы. Бұрын М.Тынышбаев атындағы колледж, институт филиалы болды. Қазір ол жерде гуманитарлық-техникалық колледж жұмыс істейді. 720 студенті бар. Оның ішінде 245 студент мемлекеттік тапсырыспен білім алады. Жағдайға қатысты жеке колледж басшысына қатысты тәртіптік не босату секілді шара қолдану біздің қолымызда емес. Ол оқу орнының құрылтайшысы бар, сол жұмыс беруші тараптан шешім қабылданады”, – деді Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар