Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Салауатты өмір салтын ұстану және бұқаралық спортты қолдау

18:35, 26 маусым 2024 543

Алматы қаласы жыл өткен сайын тұрғындарын салауатты өмір салтына тарту мен спортты дамыту бағытында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуде. Биылғы жылы мегаполистің Түрксіб, Медеу және Алатау аудандарында үш дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашу жоспарланған. Бұл жаңа нысандар күн сайын 2000-нан астам адамды қабылдай алады және қаланың спорт инфрақұрылымын дамытуға үлкен үлес қосады.

Спорт басқармасының мәліметінше, 2023 жылы спортпен белсенді айналысатын алматылықтардың саны 42%-ға жетті, бұл шамамен 924 мың адамды құрайды. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 37% болатын. Өткен жылы қалада 3 мыңға жуық спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді, бұл қала тұрғындарын спортқа тартудағы тиімді жұмыстың айқын көрсеткіші.

Мегаполисте салауатты өмір салтын ұстануға және бұқаралық спортты қолдауға қолайлы жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда. 2023 жылы спорттың 64 түрі бойынша 31 мыңнан астам бала тегін спорт секцияларына қамтылды. 4-17 жас аралығындағы балалар үшін бұл секцияларға қатысу тегін.

Сонымен бірге, командалық спорт түрлеріне (шағын футбол, баскетбол, волейбол) мектеп және студенттер лигалары құрылды. Бұл лигаларға 32 мыңнан астам адам қатысады. Жасөспірімдер мен жастар арасында спорттық белсенділікті арттыру мақсатында осындай бастамалар үлкен рөл атқарады.

Спорт саласындағы мамандарды кәсіптік даярлау бойынша да жұмыстар жалғасуда. 2023 жылдың басынан бері 44 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 166 спорт шебері, 1895 спорт шеберіне үміткер және 848 бірінші дәрежелі спортшы дайындалды. Сонымен қатар, 12 спорт түрінен 23 адам (таеквондо, әйелдер боксы, жеңіл атлетика, оқ ату, дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес, байдарка мен каноэде есу, спорттық гимнастика, семсерлесу, стендтік ату) олимпиадалық лицензияларды жеңіп алуға үміткер атанды.

Қазіргі таңда Алматы қаласында 3703 спорт нысаны жұмыс істейді. Бұл нысандар тұрғындардың спортпен шұғылдануына, денсаулығын нығайтуына және белсенді өмір салтын ұстануына зор мүмкіндік береді.

Бұқаралық спорт пен мәдениетті жандандыруға бағытталған іс-шаралар қатарында балалардың сыныптан тыс оқумен қамтылуы маңызды рөл атқарады. Осы мақсатта ашылған Нұркент шағын ауданындағы көпсалалы Инновациялық шығармашылық орталығы (Оқушылар сарайы) 38 үйірме қамтылған. Аталған үйірмеге 1200 бала қатысады. Сонымен бірге, ауданда мамыр айында Зерделі шағын ауданында бұқаралық спортты жандандыруға бағытталған спорттық, әрі тренажерлық залдар, хореография мен үстел ойындары бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашылды. Алматыда спорт пен мәдениеттің дамуы тұрғындардың өмір сапасын арттыруға және денсаулықтарын нығайтуға бағытталған. Жыл сайын қала әкімдігі мен спорт басқармасы бұқаралық спортты қолдау және спорт инфрақұрылымын дамыту бойынша жаңа бастамаларды қолға алып, тұрғындарға салауатты өмір салтын ұстануға қолайлы жағдай жасауды жалғастыруда.

Сонымен қатар, өнер, мәдениет, ішкі туризм саласының да дамуына қалалық ұйымдар мен түрлі мемлекеттік мекемелер де атсалысуда. Оның ішінде түрлі мемлекеттік айтулы мерекелерді, ұлттық ерекше күндерді, салт-дәстүрлер мен спорттық шараларды, түрлі аспаптар мен көпұлттың берекесі мен бірлігін насихаттау мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылады.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар