Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

РОП директорының әйелі: Істі тергеуге біреу кедергі жасауда

08:09, 13 сәуір 2022 285
 


Өз-өзіне қол жұмсады деген «РОП Оператор» ЖШС басқарушы директоры Русланның әйелі Ләззат Шәмшиева тергеу барысы туралы айтты.
«Күйеуімнің өз-өзіне қол жұмсағанына ешқайсымыз сенбейміз! Бұған басқа да көптеген дәлелдер бар! Бірақ оқиға орнында болған қызметкерлер үстірт тексеріс жүргізген (тіпті оның қай қызметте болғанын дұрыс көрсетпеген)» деді Ләззат Ulysmedia-ға.

Келіншек жұбайы Руслан Шәмшиев қайтыс болған күнді есіне алды.
«Ол күні кенже қызымыз небәрі 1 жас 10 айға (Сафия), үлкен қызымыз 13 жасқа (Әмина) толып жатқан. Кенже қызымызға тұсау кесер өткізуге дайындалып жатқанбыз. Сол күні таңертең оны әдеттегідей үлкен қызыммен жұмысқа және мектепке шығарып салдым. Ол: «Бүгін «Жасыл Дамуға» құжаттарды тапсырудың соңғы күні, мен бүгін үйге ерте келемін» деді. Кешкі асқа не пісіру керектігін талқыладық. Мұндай қадамға баратындай ештеңе болған жоқ» деді Ләззат.

Оның айтуынша, істі тергеуде көптеген сәйкессіздіктер бар.
«Мен мұның артында кім тұрғанын білмеймін, бірақ бәрі созылып кетті! Тергеу тобы ол қайтыс болғаннан кейін екі ай өткен соң, 28 наурызда құрылды! Біреу ағам екеумізге істі тергеуге біреулер араласып жатқанын айтты» дейді ол.

Еске салсақ, 11 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке утиль алымымен айналысатын «РОП операторының» қызметін жоюды тапсырған. Оның айтуынша, мұны басқа елдердегідей мемлекеттік ұйым атқаруы керек.

Кейін үкімет «РОП Оператор» ЖШС қызметін тоқтатып, оның функцияларын мемлекеттік ұйымға тапсырғанын хабарлады. Сондай-ақ, шенеуніктер «қайта өңдеу төлемі есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне өткенін» хабарлады.

26 қаңтарда полиция Нұр-Сұлтанда Шәмшиевтің өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлады. Полиция департаменті өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Сол күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі РОП операторының басшысы Медет Құмарғалиев пен Экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұловтың сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен ұсталғанын хабарлады. Ұсталғандардың екеуі де Қазақстаннан қашып кетпек болған көрінеді. Алайда Құмарғалиевтің әйелі оның елден кетуге ниеті жоқ екенін мәлімдеді. 27 қаңтарда сот Пірімқұлов пен Құмарғалиевті 2 айға қамауға алуды санкциялады.

11 наурызда РОП операторының бұрынғы бас директорының қамауға алынғаны туралы белгілі болды – ол 20 млрд жымқырды деген күдікке ілінді.




Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар