Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Роналдудың секіруі»: мерекеде астаналық балалар футбол челленджіне қатысты

03 маусым 2024 205

Бұрын "Доп ойнаған тозар" деуші еді, қазір доп ойнаған бала озатын болды. Өйткені футбол бүгінгі күннің ең маңызды спорт түріне жатады. 

«Жеңіс» футбол клубы Астана қаласының әкімдігімен және титулдық демеуші «Freedom Bank» компаниясымен бірлесіп, орталық саябақта қала тұрғындары мен қонақтар үшін футбол челлендждерінің бірнеше түрін ұйымдастырды.

Айталық, жекпе-жек ойын, «Роналдудың секіруі», «Қақпаға соғу», сонымен қатар дриблингпен эстафета сияқты ойын түрлерін көрсетті. Мұндай ойындар аладопқа құмар балалар үшін таптырмайтын ойын болғанын айта кетейік.

Бұл ойындарға жүздеген ұл-қыздар қатысып, олардың ең үздіктері клуб атынан арнайы сыйлықтармен марапатталды, естелік заттарға ие болды. Осының өзі балаға қанат бітіріп, көңілін көтеретін спорттық шара.



Маусым айының басқа демалыс күндері астаналық балалар үшін аталған үштік осындай мерекелерді бас шаһардың әр жерінде ұйымдастыруды көздеп отыр. Балалардың жазғы демалысын ойдағыдай өткізу үшін мұндай шара ауадай қажет екені баршаға аян.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?