Мәжілістің экс-төрағасы Ерлан Қошанов жаңа қызметке келді, деп хабарлайды Alash.kz.
Ерлан Қошанов Халық кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Жаңа конституциялық органның алғашқы сессиясында Қазақстан Халық кеңесінің мүшелері жасырын дауыс беру нәтижесі бойынша Ерлан Қошановтың кандидатурасын қолдады.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынған болатын.