Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Алтыншы мәрте Азиада чемпионы»: Алексей Луценко тарихи рекорд жасады

09:57, 23 қыркүйек 2026

Қазақстандық велогоншы Алексей Луценко 2026 жылғы Азиадада екінші «алтынын» жеңіп алды, деп хабарлайды Alash.kz.

Луценко мәре сызығын 4:13.11 нәтижесімен бірінші болып қиды. Қазақстан Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азиат ойындарында жетінші алтын медалін еншіледі.

Шосседегі велоспорттан ерлер арасындағы топтық жарыста Қазақстан намысын қорғаған Алексей Луценко қарсыластарынан оқ бойы озық шықты. Оның көрсеткіші — 4:13.11. Қазақстан құрамасы сапында сондай-ақ Евгений Федоров пен Николя Винокуров өнер көрсетті.

Осылайша, Луценко Азиат ойындары тарихындағы Қазақстанның ең титулды спортшысы атанды. Оның қоржынында енді Азиаданың 6 алтын медалі бар. Осыған дейінгі рекорд 2000 жылы мансабын аяқтаған каноэде есуші Константин Негодяевке (5 алтын) тиесілі еді.

Бұл алтын медаль тәжірибелі велогоншы үшін 2026 жылғы Азиададағы екінші жүлде болды. Жарыстың алғашқы күнінде Луценко жекелей жарыста да жеңіске жеткен еді.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар