Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Президент шешіміне сәйкес, бұл лауазымға Сәкен Абдолла, Лейла Сұлтанқызы Жақаева, Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев, Айжан Ержанқызы Жатқанбаева және Айгүл Қуанышбайқызы Қыдырбаева бекітілді. Сонымен қатар Конституциялық Сот судьялары қатарына Қанат Сергейұлы Мусин, Бақыт Маратұлы Нұрмұханов, Сергей Васильевич Скрябин, Аслан Султанович Тукиев пен Сергей Федорович Ударцев кірді.