Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресей халқы сөз сөйлеп тұрған Путиннің аузын аштырмады (видео)

02:09, 19 наурыз 2022 294

Ресей президенті Владимир Путиннің Лужники стадионында Қырымның аннексиялануының 8 жылдығына арналған концертте сөйлеген сөзінің трансляциясы кенет үзілді.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтің айтуынша, Лужникидегі «Қырым көктемі» концертінде Путиннің сөйлеген сөзінің трансляциясы техникалық ақауға байланысты үзілді.

– Оған сервердегі техникалық ақау себеп болды, – деді ол. Ресей басшысының баспасөз хатшысы «бір минуттан кейін президенттің толық сөйлеген сөзі қайталанады» деп сендірді.

Бірақ ғаламторда Ресейдің көшбасшысы Владимир Путиннің Мәскеудегі «Лужники» стадионында сөйлеген сөзінің тікелей трансляциясының үзілу себебін көрсететін видео пайда болды.

Шын мәнінде, Путинді трибуна отқан Ресей халқы президенттін сөзін бөліп, ысқырып және балағат сөздерді айта бастады. Мұны бейнеден көруге және естуге болады.

Еске салсақ, Владимир Путин Мәскеудегі «Лужники» стадионында сөйлеген сөзінде кенеттен экраннан жоғалып кетті.

Видео Ксения Собчактың Telegram парақшасында жарияланған.

Путин ресейліктерге сөз сөйлеп жатөан кезде, кенеттенОлег Газманов сахнаға шығып, «патриоттық» әндерді айта бастады. Путиннің сөйлеген сөзін трансляциясы үзілгендей болды.

Айта кетейік, бұл «Қырым көктемі» деп аталатын концертте болған – 8 жыл бұрын Ресей Украинаның Қырым түбегін аннексиялап алған.



Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар