Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы, 16 жастағы Адам жаңа қызметке тағайындалды. Ол Владимир Путин атындағы Ресей арнайы күштер университетінің (РФУ) кураторы болды. Бұл тағайындау туралы Қадыровтың өзі Telegram-каналында жариялады, деп хабарлайды alash.kz.
Қадыров ұлының өз міндеттерін «өте жақсы» атқаратынына сенімді.
Ол сондай-ақ бұл шешімнің РФ басшысы Байбетар Вайхановтың өтініші бойынша қабылданғанын айтты.
«Адам Қадыров атақты университеттің қызметімен жақсы таныс, ол өзіне жүктелген міндеттерді өте жақсы атқаратынына сенемін», деді Рамзан Қадыров
Айта кетейік, бұл Адам Қадыровтың бірінші қызметі емес. 16 жастағы Қадыров әкесінің қауіпсіздік бөлімінің бастығы және шейх Мансур батальонының кураторы болған.