Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қызметінен босатылды”: Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова қызметінен кетті

19:40, 15 шілде 2026

Майра Мелдебекова Оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, деп жазады Alash.kz.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды”,- делінген хабарламада.

Майра Мелдебекова 1971 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы Еңбек Қызыл Ту ордені университетін, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы пионер лагерінің тәрбиешісі болып бастаған.

1993-2005 жылдары аралығында Шымкент қаласының, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының бірқатар мектептерінде мұғалім, директордың орынбасары, директор қызметтерін атқарды.

2005-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бас маманы, басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары, директоры.

2018-2020 жылдары – Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы;

2020-2021 жылдары –  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы;

2021-2022 жылдары –  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары;

2022 жылдан бастап 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2025 жылы мамыр айында Оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар