Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ауа температурасы +38,6°C-қа жетіп, рекорд жаңарды”: Астанада 34 жылда болмаған аптап ыстық тіркелді

18:19, 15 шілде 2026

Астанада 34 жылда болмаған аптап ыстық тіркелді, деп жазады Alash.kz.

"Қазгидромет" РМК бақылау желісінің хабарлауынша, 2026 жылғы 14 шілдеде Астанада ауа температурасы +38,6°C-қа жетіп, жаңа рекорд тіркелді.

"Ең жоғары температура +38,6°C-қа жетіп, бұрынғы рекордтан 3,3°C-қа асты. Бұған дейін 14 шілдедегі ең жоғары температура +35,3°C болған және 1992 жылы тіркелген еді", - делінген хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар