Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Орындықты сасытасыңдар ма?!: Бағдагүл сынықшы Тамар Асарға шүйлікті

11:53, 15 шілде 2026

Ақтөбелік сынықшы Бағдагүл Құрылтай құрамына енген Тамара Асар мен Аша Матайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Танымал ақтөбелік сынықшы Бағдагүл әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстанның Ұлттық құрылтайының құрамына енген өнер иелері Тамара Асар мен Аша Матайға қатысты өз ойын ашық айтты.

Емші әншілердің Құрылтай жұмысына қатысуына қарсы екенін жеткізіп, олардың бұл алаңда халыққа нақты пайдасы тиеді дегенге сенбейтінін айтты.

«Дыбысыңды шығарма, Тамара Асар! Тілімді кессең де, бас кеспек жоқ. Саған Құрылтайдың не керегі бар? Халықтың мүддесі үшін бір мәселеде соңына дейін тұра алмаған адамға ол жерде орын жоқ. Ол жаққа барып не істемексің? Орындықты сасытасыңдар ма, Аша Матай екеуің? Саған не жетпейді? Әніңді айтып, өз ісіңмен айналыссаңшы. Бізге Аша Матай да, басқа да шоу-бизнес өкілдері керек емес. Қазақстан сендердің ойыншықтарың емес. Бұл ел үшін ата-бабаларымыз жанын қиған. Сондықтан Құрылтайға бәрі бірдей бара бермеуі керек», – деді Бағдагүл.

Сынықшының бұл мәлімдемесі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, түрлі пікірлерге себеп болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар